Тақырып. Қылмыскер тұлғасы  

Тақырып. Қылмыскер тұлғасы

Қылмыскер тұлғасы – бұл адамдағы оның қоғамдық қауіптілігін құрайтын, сонымен қатар қылмыстың жасалуын детерминациялайтын әлеуметтік және психикалық қасиеттерінің жүйесі.

Қылмыскер тұлғасына қатысты мәселелер барлық криминологиялық мектептерде қарастырылады. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, криминологияның пайда болуының да басты себебі қылмыскер тұлғасын зерттеу қажеттігі болған. М. Ансельдің жазуынша, Ч. Ломброзоның 1875-ж. «Қылмыскер адам» кітабы жарық көрген соң батыс елдерінің криминологиясында басты назар қылмыстан қылмысты жасаған адамға ауысқан болатын. Осының арқасында қазіргі кезде шетел криминологиясында қолданбалы криминологиялық бағыттар ерекше қарқынмен дамып келеді.

Криминологтардың қылмыскер тұлғасы проблемасына қатынасын ғалымдардың бастапқы методологиялық позициялары анықтайды. Қылмыскер тұлғасының түсінігі тұлғаның жалпы философиялық түсінігімен тығыз байланыста.

Қазіргі заманғы батыс елдерінің криминологтарының персоналистік бағыттарының негізінде адамның әралуан философиялық концепциялары жатыр, оның ішінде субъективистік концепциялары үстем. Ұзақ уақыт бойында кеңестік криминологияның да тұтастылығы пайымдалып келгенімен, онда да қылмыскер тұлғасы теориясының әралуан мәселелерін шешуде плюрализмнің орын алуы жоққа шығарылмаған. Мұндағы ғалымдардың позицияларының әршектігі таңқаларлық: қылмыскер тұлғасының (индивидуалдық, топтық және жалпы әлеуметтік деңгейлерде) қылмыскер емес адам тұлғасынан сапалы ерекшеленетіндігін мойындаудан (А.И.Долгова, К.Е.Игошев, Н.С.Лейкина, А.Б.Сахаров), тіпті, ғылыми ізденістердің басты назарын адамның қоғамға жат, құқыққа қайшы мінезін түбегейлі айқындайтын автономды, генетикалы шарттайтын факторларға ауыстыруға (И.С.Ной) шақырудан, тек қылмыскерге ғана тән болатын әлдебір айрықша тұлғалық қасиеттердің болатындығын жоққа шығаруға (Ю.Д.Блувштейн, И.И.Карпец), тіпті, құқыққа қайшы мінездің субъективтік шартталатындығы туралы пікірден мүлдем арылуға (А.М.Яковлев) шақыруға дейін. Мұндай жағдайдың орын алуының басты себептерінің бірі зерттеу затының күрделілігінде жатыр.



Криминология қылмыскер тұлғасының проблемасын қылмыстылықтың өзінің көрініс беруінің әралуан деңгейлерінде зерттейді: индивидуалдық, топтық және жалпы әлеуметтік. Осы негізде нақты қылмыскер тұлғасының түсінігін, олардың жеке типтерінің түсінігін, қылмыскер тұлғасының түсінігін ажыратады. Олар өзара біртұтас, ерекше және жалпы құбылыстар ретінде арақатынаста болады.

Кейбір авторлар қылмыскер тұлғасында аймақтық деңгейді де ажыратады (В.В.Орехов, А.И.Долгова).

Адам тұлғасының дамуын талдау оның табиғатын құрайтын үш компоненттің диалектикалық байланыстылығын зерттеуді көздейді: а) адамның тарихи дамып отырған дүниесі; б) оның «мендігі» ("я"); в) адамның субстраты.

Қылмыскер тұлғасына тән белгілер әралуан деңгейде әрқалай болады. Неғұрлым нақтыланған сипаттамасы жалпы «қылмыстың жинақталған субъектісі» деңгейде беріледі – мұнда берілген анықтамада жалпы «қылмыс субъектісінің» түсінігін анықтайтын белгілер жинақталады, ал жеке қылмыскерлер мен қылмыскерлер тобының саналуан индивидуалдық ерекшеліктері мен қасиеттері одан тыс қалады. Сондықтан қылмыскер тұлғасының жалпы түсінігі нақты қылмыскер тұлғасының түсігіні болып табылады.



Қылмыскер тұлғасына тән белгілерді тек нақты криминологиялық зерттеу барысында ғана анықтауға болады.

Криминогендік тұлғаның қалыптасуы мен дамуын зерттеу адамның мәні мен субстратын зерттеуді көздейді. Сондықтан қылмыскер тұлғасы мен оның қылмыстық мінезінде биологиялық және әлеуметтік негіздердің өзара байланыстылығы туралы мәселенің дұрыс шешілуі аса маңызды. Криминологиялық әдебиеттерде осыған байланысты әртүрлі пікірлер айтылып келген: тым биологизаторлықтан қарапайым әлеуметтанымдыққа дейін. Тым биологиялықтандырылған позицияда биологиялық тұқым қуалаушылықтың әлеуметтіктен үстемдігі жарияланып, адам мінезіндегі барша мазмұнды қырларын индивидуалдық биологиялық алғышарттардан шығару пайымдалады.

Бұрынғы кеңестік, қазақстандық және ресейлік криминологтардың басым көпшілігі тұлғаның жеке дара дамуы, әрбір адамның қайталанбас бейнесінің қалыптасуы генетикалық (биологиялық) және әлеуметтік бағдарламалардың өзара қарым қатынасуы салдарынан орын алады деген позицияны ұстанады. Әлеуметтік бағдарламаны тәрбиелеу ықпалымен, генетикалық бағдарламамен тікелей қатынаста болуының арқасында индивид меңгеріп, біртіндеп тұлғаның ішкі мазмұнына айналады.

Қылмыскер тұлғасы көптеген әлеуметтік шартталған белгілерден, қасиеттерден, байланыстардан тұрады. Оларды екі топқа ажыратады.

Қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы қылмыстық мінез себептерін ашып, түсіндіре алатын және оның алдын алуға көмектесе алатын белгілерден тұрады.

Қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы өзара байланысқан тұлғалық сипаттамалардың тұтас жүйесі болып табылады, ол жинақтала келе қылмыстық мінезді туғызады, сол әрекеттерінде көрініс беріп, оның себептерін анықтауға көмектеседі.

Н.Ф. Кузнецованың айтуынша, қылмыскер тұлғасының жүйесі үш кіші жүйеден тұрады, олардың әрбірі одан да кіші жүйелерге жіктеледі: әлеуметтік демографиялық, әлеуметтік рольдік (функционалдық), әлеуметтік психологиялық.

Әлеуметтік демографиялық белгілерде өздігінен әлеуметтік жүктеме болуы мүмкін емес, олар тұлғаны қылмыскер ретінде сипаттай алмайды (адамның жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, кәсіби дайындық дәрежесі, жұмысы, тұратын жері, материалдық және тұрғын үй жағдайы және т.с.с.). Алайда басқа белгілерімен қоса алғанда әлеуметтік демографиялық сипаттамасы қылмыс істеген адамның неғұрлым толық бет-бейнесін алуға көмектесетін байланыстары мен тәуелділіктерін анықтауға, сотталған адамды түзеуге жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қылмыстылықтың әлеуметтік демографиялық бейнесін қарастыратын болсақ, қылмыскерлердің басым көпшілігі ер адамдар екенін көреміз. Әйел адамдардың үлесі 11-16% шамасында.

Қылмыскерлердің жасына қарай дифференциациясы адамдар көбінесе 25-29 жас аралығында, одан соң 18-24, 14-17 және 30-40 жас аралығында қылмыс жасайтындығын көрсетеді. 50 жастан асқан соң адамдар қылмысқа онша бара қоймайды. Жасы факторы қылмыстық мінездің таңдалуына ықпал етеді.

Қылмыскерлердің білім деңгейі айтарлықтай төмен. Жоғары білімді адамдар қылмыскерлер арасында аз. Лауазымды қылмыскерлерде білім деңгейі адам өлтіргендерге, қарақшыларға, бұзақыларға қарағанда жоғары.

Қылмыскерлердің әлеуметтік топтарға қатыстылығына байланысты градациясы тұрақты табыс көзі жоқ адамдардың үлесінің артып келе жатқанын және олар қазіргі кезде 50% артық екендігін көрсетеді.

Қылмыскерлердің жартысынан артығы бойдақтар. Неке, отбасы қатынастары айрықша моральдық және шоғырландырушы потенциалға ие. Осы қатынастардың болмауы адамның қылмыстық мінезділікпен корреляциялануына себеп болады.

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 22,29,40-43, 46, 49 әдебиеттерді қараңыз.


6282696945327291.html
6282800561368985.html
    PR.RU™